Жердің ең терең нүктесінен елдің биік мақсатына: Ұлытау кеншілері қазақстандықтарды өз таңдауын жасауға шақырды

0
95

Кеншілер азаматтарды жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының алдағы сайлауына қатысуға шақырды.


Жердің ең терең нүктесінен елдің биік мақсатына: Ұлытау кеншілері қазақстандықтарды өз таңдауын жасауға шақырды

ERNUR.KZ. Ұлытау облысының кеншілері жұмыс істеп тұрған шахтаның ең терең нүктесіне түсіп, қазақстандықтарға бейнеүндеу жазды.

Кеншілер азаматтарды жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарының алдағы сайлауына қатысуға шақырды.

Үндеу жасалатын орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Кеншілер көпшілік алдына шығатын үйреншікті алаңды іздемей, өз ұстанымдарын күн сайын еңбек ететін жерінде білдірді.

Жердің терең қойнауында қарапайым ой айтылды: елдің болашағы мамандығы мен жұмыс орнына қарамастан әр адамға қатысты.