Жеті жүз мыңнан астам қазақстандық су басқан аймақта қалуы мүмкін

0
901

Өңірлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың 114, оның ішінде 31 жоспардан тыс отырысы өткізілген.


Жеті жүз мыңнан астам қазақстандық су басқан аймақта қалуы мүмкін

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биылғы су тасқыны ауқымды болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Биыл су тасқыны қардың көп болуына және топырақ қабатының қатты тоңазуына байланысты ауқымды болатын түрі бар. Су тасқыны жағдайы қолайсыз дамыса, су басу аймағында 255 елді мекен, бұл 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат қалуы мүмкін", - деді Ильин үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, өңірлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың 114, оның ішінде 31 жоспардан тыс отырысы өткізілген.

Полиция бөлімшелерімен бірлесіп елді мекендердің аумағын абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтік шаралар жүргізілуде. Бұл дренаждық және арық жүйелерін ұстау, қар шығару, адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту.
"Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей елді мекендерді су басу қаупінің алдын алуда қардың уақтылы шығарылуы маңызды. Бүгінгі таңда елді мекендерден 11 миллионнан астам текше метр қар шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 миллионға артық", - деді Ильин.
Жергілікті бюджеттерден қар шығаруға бөлінген қаражатты талдау ақша негізінен ірі қалалар мен облыс орталықтарынан қар шығаруға бөлінетінін, ал көптеген ауылдық елді мекен тиісті назардан тыс қалатынын көрсеткен.