Жетісу облысында бірнеше көлік жол апатына түсті (видео)

0
143

Екі көліктің жүргізушілері түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.


Жетісу облысында бірнеше көлік жол апатына түсті (видео)

фото: Rico_Loeb

ERNUR.KZ. Жетісу облысында бірнеше көлік жол апатына түсті, деп жазады sputnik.kz.
Chevrolet Monza жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан тіркемесі бар IVECO жүк көлігімен соқтығысқан.
Iveco аударылып, Mazda көлігін басып қалды. Соқтығысып қалудан қашқан Hyundai Sonata жолдан шығып кеткен. Оқиғаны бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда жүргізушілердің бірі екі көліктің арасына қысылып қалғаны түсірілген.

Полицияның айтуынша, апат кезінде қаза болғандар жоқ, Mazda және Chevrolet Monza жүргізушілері түрлі жарақатпен медициналық мекемелерге жеткізілді.