Жетісу облысында ежелгі қала табылды

0
106

Ескі қаланың орны Талхиз немесе Қойлықпен тең.


Жетісу облысында ежелгі қала табылды

ERNUR.KZ. Жетісу облысында "Петроглиф аңшылары" қоғамдық қорының командасы ортағасырлық қаланы тапты, деп жазады Sputnik Қазақстан.



"2025 жылдың 6 маусымы. Күн текке кеткен жоқ... Барлығы іздеп жүрген ортағасырлық қаланы тапқан сияқтымыз! Бұл туралы жазба деректерде бар. Археологтарға хабарланды", - деп жазды қор қызметкері Ольга Гумирова желідегі парақшасында.

Алдымен қор қызметкерлері карьердегі кірпіш қалдықтарын, мұнараны, содан кейін ортағасырлық кірпіштен қаланған қабырғаны көрген.

“ Қала моңғол шапқыншылығы кезінде өртелген. Жалпы ескі қаланың орны Талхиз немесе Қойлық қаласымен тең... Бұл қандай құрылыс екені талқыланып жатыр. Оны анықтаймыз", - деп атап өтті Ольга Гумирова.