Жетісу облысында көп балалы ана өз-өзіне қол жұмсады

0
962

Әйел аспирин дәрісінің он қорабын ішіп қойған.


Жетісу облысында көп балалы ана өз-өзіне қол жұмсады

ERNUR.KZ. Жетісу облысында көп балалы ана өз-өзіне қол жұмсады, деп жазады stan.kz.

Қайғылы оқиға жайлы 3 қаңтар күні журналист Сандуғаш Дүйсенова мәлімдеген. Журналист таратқан ақпаратқа қарағанда, 35 жастағы Балжан Өзбекованы 28 желтоқсан күні кешке құрбысы ауруханаға жеткізген.

“Ақсу ауданы орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде әйел аспирин дәрісінің он қорабын ішіп, бір күннен кейін қайтыс болғанын айтты”, – делінген мәліметте.

Жетісу облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

“Іс бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды”, – деп қосты полиция.