Жетісу облысында сүтке деп алынған субсидия казиноға жұмсалған

0
102

Келтірілген жалпы залал 300 млн теңгеден асты.


Жетісу облысында сүтке деп алынған субсидия казиноға жұмсалған

ЖИ / ulysmedia.kz

ERNUR.KZ. Жетісу облысында субсидия жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.

Күдікті, ЖШС-нің басшысы бола отырып, екі жыл бойы жалған құжаттарды пайдаланып, мемлекет тарапынан сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген субсидияларды заңсыз түрде «Ауыл шаруашылығы басқармасынан» ММ алып отырған.

Келтірілген жалпы залал 300 млн теңгеден асты.

Шығындарды растау үшін басқармаға жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алу жөніндегі өзара есеп айырысулар туралы жалған құжаттар мен май өндіру бойынша жалған мәліметтер ұсынылған.

Сонымен қатар заңсыз алынған 110 млн теңге мөлшеріндегі субсидия күдікті тарапынан құмар ойындарға жұмсалған.

Сот санкциясымен құны 300 млн астам теңге болатын зауытқа тыйым салынды.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамаққа алу түрі қолданылды. Тергеу жалғасуда.