Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 1 наурызда Астана уақытымен 08:18-де тіркеді.
ERNUR.KZ. Жетісу облысында жер сілкінісі болды, деп жазады tengrinews.kz.
Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 1 наурызда Астана уақытымен 08:18-де тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,8, MPV магнитудасы - 3,8", - делінген хабарламада.