Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5.
ERNUR.KZ. Жетісу облысында қуаты 2-3 балл болатын жер сілкінісі болды, деп жазады Tengrinews.kz.
"ТЖМ "СОМ" ЖШС сейсмикалық станция желісінде 30 қазанда сағат 00:08-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 241 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5. MPV магнитудасы - 4.9. Тереңдігі - 25 шақырым.
Сонымен қатар, Қоңырөлең кентінде және Жетісу облысының Жаркент қаласында 2-3 баллдық жер сілкінісі байқалған.