Жетісу облысында жолаушылар автобусы өртенді

0
516

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Жетісу облысында жолаушылар автобусы өртенді

ERNUR.KZ. Балпық би ауылында автобустың неден өртенгені анықталып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Жетісу облысы ТЖД кезекші бөліміне 16 ақпан күні сағат 10:38-де Көксу ауданы Балпық би ауылында жолаушылар автобусының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

"Оқиға орнына жеткен сәтте жолаушылар автобусының өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сағат 10:58-де толықтай өшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды.