Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының реконструкциясы аяқталды

0
91

Сыйымдылығы 42,6 млн текше метр болатын су қоймасының реконструкциясы 6 680 гектар егістік алқабын сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.


Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының реконструкциясы аяқталды

ERNUR.KZ. Биыл Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының реконструкциясы аяқталды. Нақтырақ айтқанда, су тасқыны үшін пайдаланылатын су жіберуге арналған канал нығайтылып, су қабылдайтын жаңа торап салынды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Сонымен қатар заманауи бақылау датчиктері орнатылып, автоматтандырылған мониторинг жүйесі мен жергілікті хабарландыру жүйесі енгізілді. Сыйымдылығы 42,6 млн текше метр болатын су қоймасының реконструкциясы 6 680 гектар егістік алқабын сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

«Мемлекет басшысы еліміздің су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту міндетін қойған болатын. 2023 жылы жүргізілген гидротехникалық нысандарды түгендеу нәтижесінде су саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Ол 160-тан астам іс-шараны қамтиды. Соның ішінде 42 жаңа су қоймасын салу және 37 жұмыс істеп тұрған нысанды реконструкциялау жұмыстары бар. Қызылағаш су қоймасын реконструкциялау жергілікті тұрғындарды су тасқынынан қорғап, Жетісу облысының ауыл шаруашылығын дамытуға серпін береді», – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.