Жетісуда жасөспірімдерді заңсыз діни сабақтарға тартқандар әшкереленді

0
128

Биыл наурыз айында Талдықорған қалалық сотының шешімімен мұндай жалған қайырымдылық ұйымдары мәжбүрлі түрде таратылды.


Жетісуда жасөспірімдерді заңсыз діни сабақтарға тартқандар әшкереленді

Фото: akorda.kz

ERNUR.KZ. Жетісу облысында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, жасөспірімдерді тіркелмеген діни ағымға оқыту әрекетін тоқтатты, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы, 2025 жылғы 19 қыркүйекте ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Тексеру кезінде жатақхана ретінде пайдаланылған бөлмелерден шетелдік діни кітаптар мен оқу материалдары табылды. Ұйымдастырушылардың бұрын өздерін қайырымдылық қоры немесе балалар пансионаты ретінде көрсетіп, жасырын сабақтар өткізгені белгілі болды",- делінген ақпаратта.

Айта кетейік, биыл наурыз айында Талдықорған қалалық сотының шешімімен мұндай жалған қайырымдылық ұйымдары мәжбүрлі түрде таратылды.

Тексеру нәтижесінде:

  • кәмелетке толмағандарды заңсыз діни сабақтарға тартқаны үшін діни рәсімдерді ұйымдастырушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
  • тұрғын үйде тіркеусіз тұрған төрт "ұстазға" қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды;
  • жасөспірімдердің ата-аналары балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
  • ата-анасы басқа өңірде тұратын бір кәмелетке толмаған жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
"Қазіргі уақытта аталған тұлғалардың әрекеттері бойынша тексеру жалғасуда. Нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады".ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полиция жасөспірімдерді заңсыз діни сабақтарға тарту – заңды өрескел бұзу болып саналатынын және заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.