Жезқазғанда күрделі жөндеу жасалған перзентхананы су басып жатыр

0
809

Бұл ғимаратқа былтыр ғана күрделі жөндеу жасалған.


Жезқазғанда күрделі жөндеу жасалған перзентхананы су басып жатыр

ERNUR.KZ. Ұлытау облысы Жезқазған қаласы облыстық көпбейінді ауруханасының перзентханасының төбесінен су ағып жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Бұл ғимаратқа былтыр ғана күрделі жөндеу жасалған. Дәрігерлердің айтуынша, төбеден аққан суға тікелей мердігерлер кінәлі.
"Перзентхана төбесінен сенбі күні су ағып кетті. Бұл ғимаратқа 2022 жылы жөндеу жұмыстары, соның ішінде шатырға жөндеу жүргізілген. Келеңсіз жәйт мердігердің кінәсінен орын алды. Жөндеу жалпы сапасыз болғандықтан актілерге қол қойылмай, жұмыстар қабылданбаған", - дейді ведомство.

Басқарма мамандары мердігердің үстінен сотқа шағым түсірген жерін айтады.
"Сотқа шағым түсірілді, қазіргі уақытта сот процестері жүріп жатыр. Мердігер тарапынан жіберілген бұзушылықтар көлемі сот шешімімен анықталатын болады. Су аққан бөлікте пациенттер болған жоқ. Су басқан жердің ауданы - 25,9 шаршы метр, яғни бір палата", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.