Жігітті үш жыл бойы зорлап келген экс-полицей ұсталды

0
930

Жігітті бірнеше жыл бойы зорлаған бұрынғы тәртіп сақшысы 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Жігітті үш жыл бойы зорлап келген экс-полицей ұсталды

ERNUR.KZ. Түркістан облысында 16 жастағы жігітті үш жыл бойы зорлап, ақша бопсалаған полицияның бұрынғы қызметкері ұсталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы адвокат Айман Омарова хабарлаған.

"Зардап шегушіні бірнеше рет зорлап, ақша бопсалаған полицияның бұрынғы қызметкері ұсталды. Оған Қылмыстық кодекстің 121-бабы (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және 194-бабы - қорқытып, ақша алу бойынша айып тағылды. Бірінші бапқа сәйкес, ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өйткені бұл аса ауыр қылмыс", - деді адвокат.

Үш күн ішінде Түркістан облысының соты күдіктіні қамауға алуға санкция береді.

Жәбірленушінің сөзі

2018 жылдың жаз айында Sputnik Қазақстан Түркістан облысы Абай ауылының 22 жастағы тұрғынының жантүршігерлік оқиғасы туралы хабарлады. Жігіт өзін 16 жасынан бастап екі ер адамның зорлап келгенін және олардың біреуінің үстінде полиция формасы болғанын айтады. Алғаш рет оны 2012 жылдың наурыз айында зорлаған. Сұмдық қылмыс үш жыл бойы жалғасып келіпті. Айтуынша, зорлап қана қоймай, интимдік видеолармен бопсалап, ақша талап еткен. Баласының басынан өткен жағдай туралы білген кезде ата-анасы екі ер адамның үстінен шағымданған. Бірақ олар бірнеше жылдан бері тергеудің әділ жүргізілмей келе жатқанын айтады.

Жантүршігерлік оқиғадағы екінші жәбірлеуші 1979 жылы туған ер адам. Полицияның бұрынғы қызметкерінің әрекеті туралы білген ол да оқушыны зорлап, ақша бопсалай бастаған.

Бұл қылмысқа байланысты толығырақ ақпарат алу үшін Sputnik Қазақстан Түркістан облысы полиция департаментіне ресми сауал жолдады.