Жітіқарадағы 5 баласының өлімі: Өрт шыққан үйдің мұржасынан баллон табылды

0
121

Өрт шыққан үйдің мұржасынан кішкентай баллон табылған.


Жітіқарадағы 5 баласының өлімі: Өрт шыққан үйдің мұржасынан баллон табылды

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Жітіқарадағы 5 баланың өліміне не себеп болғанын айтты. Министрдің айтуынша, үйдің мұржасынан бөгде зат табылған, деп жазады stan.kz.

Өрт шыққан үйдің мұржасынан кішкентай баллон табылған.

“Көмір пеші болған. Мұржа жүйесі тазартылмаған екен. Сондай-ақ мұржаның ішіне баллон салып жіберген. Баллон кішкентай. Ол сондай екен... Салдарынан жарылыс болып отыр”, – дейді Шыңғыс Әрінов.

Баллонның мұржада қалай пайда болғаны белгісіз. “Балалар салып жіберуі мүмкін бе?” деген сұраққа төтенше жағдай министрі тергеу жұмыстары аяқталған соң жауап беретінін айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында үйден өрт шығып, бес бала тірідей жанып кеткені туралы жазған едік. Кейіннен өрт кезінде балалардың анасының достарына қонаққа кеткені, ал әкелерінің түрмеде екені анықталды. 5 баланың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды.