Жітіқарадағы өртте қаза тапқан 5 баланың анасы сотталды

0
110

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Жітіқарадағы өртте қаза тапқан 5 баланың анасы сотталды

фото:Pixabay / PublicDomainImages

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Жітіқара аудандық сотында 5 баласы өртеніп кеткен анаға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады sputnik.kz.
Аудандық сотта Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігімен (абайсызда 5 баланың өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.
"Сотталушы балаларын қараусыз қалдырдып, үлкен ұлына үйдің іші салқындаған жағдайда пешке от салуды тапсырған. Ұлы пеште отын, көмір және тұрмыстық қоқыстарды жағады, сондай-ақ пеш жанында белгісіз сұйықтықпен жатқан пластикалық бөтелкені отқа салады. Нәтижесінде пештегі жалынның жанып, өртке айналуына себеп болды. Өрт салдарынан бес бала қайтыс болды. Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен және сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді", — делінген Жетіқара аудандық сотының хабарламасында.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдіріп, бас бостандығынан айырмауды өтінген. Сот шешімімен айыпталушыға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 74-бабының негізінде жас баланың болуына байланысты жазаны орындау кейінге қалдырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.