Жоғарғы сот судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды

0
2 699

Қаражат аудандық сот судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдем көрсеткені үшін берілген.


Жоғарғы сот судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі бір уақыт ішінде бірлескен іс-шаралар жүргізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Нәтижесінде, 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемдегі ақшаны алу кезінде Жоғарғы сот судьясы ұсталды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қаражат оның Жоғары сот кеңесінде жұмыс істеген кезінде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдем көрсеткені үшін берілген. Осы уақытта Түркістан қаласында ақшаны беріп жіберген аудандық соттың судьясы ұсталды», - делінген хабарламада.

Тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.