Жол апатын жасап, қашып кеткен жалған полиция қызметкері ұсталды

0
1 033

«Жалған қызметкер» ішімдікке сылқия тойып алған.


Жол апатын жасап, қашып кеткен жалған полиция қызметкері ұсталды

ERNUR.KZ. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі жол апатын жасап, құқық қорғау органының жалған құжатын көрсеткен жүргізушіге қатысты пікір білдірді. Әлеуметтік желіге тез тарап кеткен видео авторының сөзінше, «жалған қызметкер» ішімдікке сылқия тойып алған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға 21 қарашада Павлодар қаласында орын алған. Анықталғаны, ер адам алаяқтық бабы бойынша халықаралық іздеуде жүрген. Полиция қызметкерлері көліктен жалған құжатты таппаған. Иесінің сөзінше, ол оны өртеп жіберген. Жалған қызметкер Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына жеткізілген.