Стационарлық нөмірден қоңырау шалу тегін.
ERNUR.KZ. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап жолаушылар "1433" бірыңғай телефон анықтамалық қызметі арқылы толық ақпарат алауға және арыз-шағымдар жібере алады, деп жазады Zakon.kz.
Аталған нөмір бойынша пойыздардың қозғалысы кестесін, орындардың бар-жоғын, тасымалдаушылар туралы ақпаратты, жол жүру ережелері мен құнын және т. б. білуге болады.
Стационарлық нөмірден қоңырау шалу тегін. Ал ұялы нөмірден қоңырау шалу құны минутына 25 теңге.