Жолдардың жабылуына байланысты жолаушылар үшін 13 пойыз іске қосылды

0
90

Бұл қала маңына қатынайтын пойыздар.


Жолдардың жабылуына байланысты жолаушылар үшін 13 пойыз іске қосылды

ERNUR.KZ. "Қазақстан темір жолы" тас жолдардың жабылуына байланысты жолаушыларды тасымалдау үшін 13 пойызды іске қосты, деп жазады sputnik.kz.

"Қолайсыз ауа райы салдарынан тас жолдарда уақытша қозғалыс шектеулері енгізілуіне байланысты ҚТЖ өңірлер арасындағы көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз ету және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында 13 қала маңындағы пойызды тағайындады", - деп жазылған хабарламада.
Жолаушыларды тасымалдау үшін төмендегі қала маңындағы пойыздар қатынайды:
Астана – Павлодар бағыты бойынша:
№7502 Астана – Павлодар
№6832 Астана – Павлодар
Павлодар – Астана бағыты бойынша:
№7501 Павлодар – Астана
№7509 Павлодар – Астана
Астана – Жалтыр / Атбасар бағыты бойынша:
№6804 Атбасар – Астана
№6831 Астана – Жалтыр
Астана – Көкшетау бағыты бойынша:
№7515 Астана – Курорт Бурабай
№6830 Көкшетау – Астана
№7508 Көкшетау – Астана
№7516 Курорт Бурабай – Астана
Астана – Қарағанды бағыты бойынша:
№6858 Астана – Қарағанды
№6856 Астана – Қарағанды
Қарағанды – Астана бағыты бойынша:
№7553 Қарағанды – Астана
ҚТЖ азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеруге шақырды.