Жолды жапқан көкпаршылар қамауға алынды

0
231

Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында болған.


Жолды жапқан көкпаршылар қамауға алынды

Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Автомобиль жолын жапқан көкпаршылар жауапқа тартылып, әкімшілік қамауға алынды, деп жазады ulysmedia.kz.

Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында болған.

“Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Еңбекшіқазақ ауданының жолдарындағы шабандоз тобының жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісі анықталды.
Құқық бұзушыларды аудандық полиция қызметкерлері анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін ер адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды” делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімімен, көкпар ұйымдастырушы 7 тәулік, төрт қатысушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.Қалғандарына айыппұл салынған.