"Жүрегім парша-парша болды": Роза Әлқожа марқұм Оразалы Досбосыновтың қызын ұзатты

0
223

Өнер иесі марқұмдарға көзінің тірісінде берген уәдесін орындағанын айтты.


Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Танымал әнші Роза Әлқожа марқұм болған өнерлі жұп Оразалы Досбосынов пен әнші Ажар Түзелбекқызының қызын ұзатты, деп жазады stan.kz.

Өнер иесі марқұмдарға көзінің тірісінде берген уәдесін орындағанын айтты.

“Жүрегім парша-парша болып кетті. Ешқандай ұзатуда дәл бұлай егіліп, төгіліп жыламаппын. Егер анаң мен әкең бар болғанда сен дүркіреген той мен дүбірлі думанның кейіпкері болар ең. “Ешкімді әурелемей, ақырын ғана азаматымның қолынан ұстап кетем” деген екенсің. Оған жұртың көнбей, аз уақытта осылай ұзатуға бел буған. Айшатай, Нұр-Айша, жаным, сен тектінің тұяғысың. Асылдың сынығысың. Біздің досымыздың өзісің, ізісің! Барған жеріңде бақытты бол! Сен соған лайықсың! Ботам, бағың ашылсын! Арманыңа жет! Нұрсұлтан мен Нұрайша – Оразалы мен Ажардың Алашқа аманаттап кеткен перзенттері. Сіздер де тілеулес болыңыздар! Жастар бақытты болсын!”, – деп жазды әнші.

Еске салайық, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Оразалының ұлын жұмысқа тұрғызып, отау құрғанша өз қамқорлығына алғанын жазған едік.

“Біздің қор су жаңа телефон да алып беретін болды. Әкесі марқұм тірі болса осылай жаутаңдап жүрмес еді-ау деп бір жылап алдық... Біз сені сағындық, досым! Сенімен танысқанда 20-дағы қылшылдаған жігіт едің. Міне, жалындаған 20 жасында балаң келіп тұр алдымызға... Сені халқың сағынды, Ораз! Барлық атсалысқан ағайынның садақасын Алла еселеп қайтарсын...”, – деп жазған еді ақын.