Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
ERNUR.KZ. Бүгін, 20 желтоқсанда Алматы қаласының тергеу соты тергеу органдарының Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қарау аяқталды, деп жазады zakon.kz.
"Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. 2023 жылға дейін күзетпен ұстау түріндегі санкция беру туралы шешім қабылдады", - деп мәлімдеді Алматы соттары.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу құпия түрде жүзеге асырылғандықтан, тергеп-тексеруге қатысты өзге де мәліметтер жарияланбайды.
Қаржы мониторингінің хабарына қарағанда, Қоспаевтың рейдерлік әрекетінен зардап шеккендерге журналист Козачков ақпараттық шабуыл жасаған және бұл үшін 52 миллион теңге алған.
19 желтоқсанда "Әділ сөз" сөз еркіндігін қорғау қоры "Михаил Козачковтың құқықтары өрескел бұзылды, дереу босатылсын" деп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазған.
Бүгін Қазақстан Бас прокуратурасы журналист Михаил Козачковты қамауға алу ісі бойынша тексеруді бастағанын хабарлады.


