Жыл басынан бері зейнетақы төлеуге 1,9 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалды

0
405

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.


Жыл басынан бері зейнетақы төлеуге 1,9 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалды

ERNUR.KZ. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 923 теңгені құрады, деп жазады sputnik.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 092 теңге, базалық зейнетақы – 37 831теңге.
"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 924,5 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы – 590,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 трлн 333,9 млрд теңге", - делінген министрлік хабарламасында.
Ал зейнеткерлер саны – 2 млн 301 мың адам.
Айта кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.