Жыл соңына дейін ауылдарда тағы 150-ге жуық медициналық алғашқы көмек нысаны салынады

0
159

Құрылыс арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен; жергілікті бюджет қаражатынан; «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.


Жыл соңына дейін ауылдарда тағы 150-ге жуық медициналық алғашқы көмек нысаны салынады

ERNUR.KZ. Жыл соңына дейін Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 150-ге жуық жаңа медициналық нысан салынады, 508-нің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету үшін 655 нысан, оның ішінде 260 медициналық пункт, 235 фельдшерлік-акушерлік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда.

Құрылыс арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен; жергілікті бюджет қаражатынан; «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылады.