Зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға арнайы әлеуметтік төлем төленеді

0
840

Заң халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтардың бірлестік құру бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған.


Зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға арнайы әлеуметтік төлем төленеді

ERNUR.KZ. Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады, деп жазады baq.kz.

Заң халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтардың бірлестік құру бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Онда үш құрылтайшымен қоғамдық бірлестік құруға мүмкіндік беру, республикалық маңызы бар қалалардағы қоғамдық бірлестіктер мәртебесін айқындау, қоғамдық бірлестіктер құруды құқықтық реттеу секілді нормалар ұсынылады.

Сонымен қатар әлеуметтік кодекске еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізу жөніндегі нормалар да енгізілді. Бұл төлем қызметкер 55 жасқа толған, кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болса, азамат зиянды жұмыстардағы қызметін тоқтатқан кезде төленеді.

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен байланысты азамат арнайы әлеуметтік төлем алып, зиянды жұмыстан кету немесе қалу мәселесін өзі шешеді.

Сондай-ақ өндірісте зардап шеккен адамдардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша нормалар ұсынылды.

Бұған дейін вице-министр зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін азаматтарға 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнайы әлеуметтік төлем енгізуді көздейтін заңнамаға қандай түзетулер енгізілетінін түсіндіріп берген болатын.

Сонымен қатар 2024 жылы 55 жастан шартты зейнетке, яғни арнайы төлем алу құқығына 37 мың адам ие болатыны белгілі болған еді.