Күдікті қара жамылған отбасының бұрынғы көршісі болып шықты.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Зубовск кентінде 7 жасар баланың өліміне қатысты мәліметті жергілікті полиция егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Эдуард Жилиевтің денесі бір күн бұрын бала тұрған Зубовск ауылының маңынан табылған бала пышақтап өлтіргені хабарланды.
Қазір полиция бала өлімінің мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
30 тамызда жеті жасар Эдуард Жилиев үйінің ауласында велосипед теуіп жүрген. Бір уақытта бала жоғалып, ата-анасы оны өздігінен іздеп таппаған соң полицияға хабарласқан.
Алтай ауданының полиция бөлімшесіінің жеке құрамы түгелдей баланы іздеуге жұмылдырылды, оған облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлері де тартылды.
Ауылдастары баланы жас жігітпен кетіп бара жатқанын көрген. Туыстарының айтуынша, бұл олардың бұрынғы 20 жастағы көршісі.
Бала келесі күні өлі күйінде табылды. Денесінен пышақ жарақаттары анықталды.
Полиция күдікті жігітті ұстады, ол қылмыс жасағанын мойындады. Ресми мәліметтерге сәйкес, балаға қатысты ешқандай жыныстық зорлық-зомбылық болмаған.