​ЕКІ қасық КЕБЕК ішекті ШЛАКТАН тазалайды

0
5 990

Керемет нәтижесін екінші күні-ақ аңғарасыз.


​ЕКІ қасық КЕБЕК ішекті ШЛАКТАН тазалайды

фото: krst-nn.ru

Біздің ішкі ағзаларымыздың дұрыс жұмыс істеуіне ең алыдмен ішегіміз жауапты. Егер ішек шлакқа, улы затқа, уытқа толған болса, онда бауыр, бүйрек, асқазан, жүрек және басқа да ағзаларымыздың жұмысы баяулайды. Ішектегі артық заттар түрлі деңгейде теріге шығады. Нәтижесінде бетіңізге, денеңізге безеу, қара дақ, қара нүкте, тіпті, іріңді жаралар басады.

Мұның алдын алу үшін немесе аталған жайсыздықтан арылу үшін біз ұсынған мына 3 дәннің көмегіне жүгініңіз.


Ішекке ШЛАК қайдан толады?

  • дұрыс тамақтанбағаннан;
  • зиянды тағамды тұтынғаннан;
  • қозғалыс тым аз болғаннан;
  • стресс алғаннан ішек уытқа толады. Салдарынан өз жұмысын дұрыс жүргізе алмай, нәжіс уақытында сыртқа шықпайды. Сөйтіп түрлі құрттарға айналып, ағзамызды жаулайды. Нәтижесінде асқазан мен ас қорыту жүйесінің жұмысы нашарлап, адам өзін жайсыз сезінеді.


Міне, бұған жол бермеу үшін мына 3 дәннен дайындалған «скрабты» қолданыңыз. Нәтижесінде:

  • ағзадағы шлактан, уыттан, зиянды заттан құтыласыз;
  • ішектің микрофлорасын жақсартады;
  • асқазанның жұмысын реттейді;
  • зат алмасуды жақсартады;
  • үлкен дәретті қалпына келтіреді;
  • іш қатудан арылтады;
  • жалпы ағзаның жағдайын жақсартады, шаршауды болдырмайды, бас ауруын қойдырады, теріңіздің саулығын жақсартып, жасартады әрі түсін қалпына келтіреді;
  • иммундық жүйені нығайтады;
  • ағзаны түрлі аурудан қорғайды.

фото: all-dieta.ru


Бұл «скрабты» өз бетімізше үйде дайындаймыз.


КЕБЕК – ішекті тазартады әрі ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады. Оның құрамындағы өсімдік талшықтар ішекті толығымен тазалауға қабілетті келеді екен. Скрабты дайындау үшін шағын ыдысқа 2 ас қасық кебекті саласыз. Үстіне газсыз су немесе итмұрын тұнбасын құйып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 25-30 минуттан соң дайын болған тұнбаны теңдей етіп 3-ке бөлесіз. Сөйтіп күніне 3 рет тамақтанудан 15 минут алдын қабылдайсыз. Емді үзбей 30 күн ашқарынға жүргізу керек.

ЕСКЕРІҢІЗ! Ем кезінде сусынды көбірек ішіңіз.


СҰЛЫ – ішекті шлактан тазалайтын ең тиімді дән. Бірақ, дәнді дұрыс таңдау маңызды. Дәнде қоқыс болмау керек. Сұлы бірдей көлемде, яғни дөңгелек немесе сопақша болу керек. Сондай-ақ түсі ашық болғаны маңызды.

фото: fullpicture.ru

Егер сұлыны біз ұсынған әдіспен үзбей қабылдап жүрсеңіз, шлактан тез құтыласыз әрі зат алмасуды жақсартып, ас қорыту жүйесінің жұмысын реттейді.

Ол үшін 200 мл-лік стақанға жарты етіп сұлы саласыз. Оған толтырып салқындатылған қайнаған су құйыңыз. Стақанның қақпағын мықтап жауып, түнге қалдырасыз. Таңертең дайын болған қоспаға 1 ас қасық кілегей немесе сүт, аздап бал мен шым-шым даршын қосып араластырасыз. Тәбетіңіз тартса шамалы кептірілген жеміс, бір тілік алма немесе кез келген жидек қосуға болады.

Дайын болған ботқаны таңертең ашқарынға жейсіз. Соңынан 3 сағатқа дейін ешнәрсе жеуге болмайды. Емді үзбей 1 ай жүргізесіз. Арада 2 ай үзіліс жасап, тағы да бір рет қабылдау керек. Сонда ішегіңіз артық заттан толық тазарып, саулығыңыз жақсарады.


ЗЫҒЫР – майды ерітетін әрі тазалайтын қасиетке ие. Ол ішекті шлактан, уыттан, нәжістен, тіпті құрттан да тез арада тазалай алады. Бұл кереметке қол жеткізу үшін 1 ас қасық зығырды блендердің көмегімен ұнтақтайсыз. Үгіндіні стақанға салып, үстіне кефир құйып, бетін жауып қоясыз. Бірнеше сағаттан соң дайын болған қоспаны таңғы ас ретінде ашқарынға қабылдайсыз. Емделу мерзімі – 3 апта.

фото: obotravlenii.ru

Аталған ҮШ түрлі ДӘН ішекті ШЛАКТАН, УЛЫ ЗАТТАН толық тазалайды. Сонымен қатар, ішкі ағзаның саулығын жақсартады, теріні жасартады, мүсініңізді мінсіз етеді.

ЕСКЕРІҢІЗ! Ем кезінде дұрыс тамақтаныңыз, майлы, ащы, тәтті тағамдардан бас тартып, диета ұстауға тырысыңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: skazhynet.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ГЕМОГЛОБИНДІ бір күнде ДӘРІСІЗ көтеруге болады


ЕКІ қасық КЕБЕК ішекті ШЛАКТАН тазалайды


АНТИБИОТИК бұл АУРУҒА ем БОЛМАЙДЫ