​Шашыңыз ТҮСУІН тоқтатпаса АРАҚПЕН жуыңыз

0
7 700

Сұлулығыңызға сән беретін, көркіңізге көркемдік сыйлайтын шашыңыздың саулығын сақтау үшін халық әдісін қолданыңыз.


​Шашыңыз ТҮСУІН тоқтатпаса АРАҚПЕН жуыңыз

фото: elle.com.kz

Шаштың түсуі – жиі кездесетін құбылыс. Алайда шашыңызды жуғанда, тарағанда уыстап түссе, онда ойланыңыз. Себебі, бұл ағзадағы және бас терісіндегі өзгерістерге тікелей байланысты. Ал мамандар кейбір ауру мен келеңсіз жағдайдың да әсерінен шаш түседі дейді. Ендеше, сұлулығыңызға сән беретін, көркіңізге көркемдік сыйлайтын шашыңыздың саулығын сақтау үшін халық әдісін қолданыңыз.


Шаштың түсуіне себепші болатын жағдайлар:

Жұқпалы аурулар

Егер сіз жұқпалы дертке шалдықсаңыз, міндетті түрде ем аласыз. Аурудан 3-4 күнде жазылып кетуіңіз де мүмкін. Ал 8-10 аптадан кейін шашыңыз түсе бастайды. Егер 3 айдан асатын болса, онда трихолог дәрігердің қабылдауына жазылу керек.

Әсіресе, тұмау, қызамық, іш сүзегі, пневмония сияқты жұқпалы аурудан кейін шаштың түсуі қалыпты жағдай. Ауруды толық емдеген соң шаштың түсуі өздігінен тоқтайды.


Босану

Балаңызды дүниеге әкелген соң шамамен 8-12 аптадан кейін шашыңыз түсе бастайды. Бұл жағдайда шаштың түсуі шамамен 6 аптаға созылады.

фото: news.myseldon.com


Ішкі ағзаның ауруы

Ұзақ мерзімді және ауыр дертке шалдыққан кезде шаш жұқарып, түсе бастайды. Нақтырақ айтқанда, туберкулез, мерез, қан аурулары, әртүрлі эндокриндік бездердің аурулары (гипофиз, қалқанша без, ұйқы безі), аналық без аурулары сияқты созылмалы аурулар кезінде шашыңыз түседі.


Улану

Егер шашыңызды тарағанда, қолыңызбен сипағанда уыстап түссе, онда біздің ағзаңыз ауыр металдармен уланды дегенді білдіреді.


Сәуленің әсері

Сәулемен емделу кезінде де шаш түседі. Себебі шаш фолликуласы өте сезімтал болғандықтан, рентген сәулелерінің әсерінен шаштың құрамы жоғалады.


Гормоналды бұзылу

Бұл жағдай да шаштың түсуіне әсер етеді. Оның алдын алу үшін арнайы дәрігердің кеңесін алу керек.


Дәрумен жетіспеушілігі

Ағзадағы дәрумен тапшылығы да шаштың түсуіне әсер етеді. Мамандар жүргізген көптеген тәжірибелер белгілі бір дәрумендердің жетіспеушілігімен шаштың құрылымындағы өзгерістер мен олардың жоғалуын анықтауға мүмкіндік берді. Дәрігер қандай дәрумен жетіспейтінін анықтап, тиісті ем тағайындауы керек.


Жүйке бұзылуы

Невралгиялық аурулар кезінде де шаштың түсуі орын алады. Сондықтан депрессия, стресс алудан сақ болыңыз.

фото: cosmo.kz


Шаштың түсуін халық әдісімен тоқтатуға болады

  • 100 гр. қалақай (крапива) жапырағын шыны ыдысқа салыңыз. Үстіне 0,5 л 6 пайыздық сірке су мен 1/3 литр салқын су құйып, жақсылап араластырасыз. Ыдыстың бетін жауып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 4 сағаттан соң дайын болған тұнбамен шашыңызды жууға болады. Емделу мерзімі – 1 ай.
  • 3 ас қасық андыз (аир) тамырын эмаль ыдысқа салыңыз. Үстіне 0,5 литр сірке су құйып, отқа қоясыз. Баяу отта 15 минут қайнату керек. Осыдан соң ыдысты оттан алып, бетін жауып қойыңыз. Шамалы салқындаған кезде дайын болған емдік қайнатпаны сүзіп алып, күн сайын шашыңызды жуыңыз.
  • 1 шай қасық ұнтақталған құртқашашты (касатик) 1 стақан қайнаған суға салып, бетін жауып қойыңыз. Тұнба шамалы салқындаған кезде сүзіп алып, шашыңызды шаясыз.
  • 1 шай қасық сабыншөптің кептірілген тамыры мен жапырағын ыдысқа салыңыз. Үстіне 0,5 литр қайнаған су құйып, отқа қоясыз. 5 минуттан соң оттан алып, бетін жауып қойыңыз. Бөлме температурасында салқындаған кезде шашыңызды жуыңыз.
  • 2 ас қасық мыңжапырақ (тысячелистник) үгіндісін 0,5 литр қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, шашыңызды жуыңыз. Емді күн сайын жасау керек.
  • 1 ас қасық араққа 3 тамшы дәріханалық гүлшетен (розмарин) мен 5 тамшы лаванда қосып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаға 1 ас қасық су қосып, бас терісіне біркелкі етіп жағып шығыңыз. Емді таза жуылған шашқа жасау керек.


Қайсы әдісті қолдансаңыз да, өте мұқият әрі берілген уақытқа дейін жүргізіңіз. Сонда нәтижесі керемет әрі тез болады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз


Дереккөз: apteka72.com


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көктемгі АЛЛЕРГИЯНЫ кәдімгі БАЛМЕН емдеуге болады


АЯҚТЫҢ ауруы қандай ДЕРТТЕН болуы мүмкін?


АЙРАНҒА таза БАЛ қосып ішсеңіз АНЕМИЯДАН құтыласыз