Мұны қолдансаңыз ЖҰҚПАЛЫ АУРУ жоламайды, ИММУНИТЕТ көтеріледі, ЖӨТЕЛ жазылады, МҰРЫН бітелмейді. Бастысы ТҰМАУМЕН ауырмайсыз.
фото: infonetica.net
Бойыңызды билеген аурудан қанша дәрі, екпе қабылдасаңыз да толықтай жазыла қоймайсыз. Өйткені ағзадағы инфекция мен бактерия жойылған жоқ. Оның 7-10 күннің ішінде жойылмайтынын дәрігерлер де растайды. Өйткені ағза толықтай инфекциядан тазаланбай, өзінің сау қалпына келмейді. Десек те инфекция мен бактерияның көзін бір мезетте жоятын тамаша ӘДІС бар. Әрбіріңіздің ас үйіңізден немесе дәрі қобдишаңыздан табылатын МЫНА заттар сіздің саулығыңызды 100 пайызға сақтайды.
1. НАСЫБАЙГҮЛ
фото: ok.ru
Жұпар иісті, дәмі ерекше насыбайгүл иммунитетіңізді сақтайды. Бұл табиғи өнім ағзаны түрлі инфекциядан қорғайды.
Қашан қолдану керек?
Суық тигенде және тұмау болғанда қабылдаңыз. Ол тыныс жолдарын емдейді, қақырықты түсіреді, қызуды басады, ұйқысыздықтан арылтады әрі жүйкені тыныштандырады.
Ем үшін:
Балғын күйінде салатқа немесе кез келген тағамға қосасыз. Тоңазытқышта ұзақ сақтауға болмайды. Ал мұздататын болсаңыз пайдалы қасиеттерінен түбегейлі айырылады.
4 дана ұнтақталған насыбайгүлді 250 мл қайнаған суға салып, тұндырасыз. Жылыған кезде сүзіп алып, қабылдайсыз. Бұл тұнба баспаны және бас ауруын емдейді. Сонымен қатар, асқазан-ішек жолдарына, гастритке, тоқ ішектің қабынуына ем. Ал осы тұнбаны экзема мен псориазға жақсаңыз, жара жазылады.
2. ЗІМБІР
фото: net-nevroza.ru
Көпжылдық өсімдіктің қатарына жататын зімбірдің емдік қасиеті орасан. Оның тамыры микробқа қарсы ем болады. Суыққа қарсы күреседі, қақырықты түсіреді, қызуды басады.
Қашан қолдану керек?
Тыныс жолдарының жіті ауруында, тұмау болғанда, бадамша без, көмей, жұтқыншақ, тыныс жолдары қабынғанда және баспа ауруында қолдану керек.
Ем үшін:
Зімбірдің тамырын үккіштен өткізесіз. Емдік ұнтақты шыныдағы шайға немесе қайнаған суға салып араластырасыз. Тіпті маринадталған түрін жесеңіз де керемет көмектеседі.
3. ДАРШЫН
фото: veronikaa.ru
Табиғи антибиотик ретінде кеңінен танымал.
Қашан қолдану керек?
Жедел респираторлы вирустық инфекция мен тұмау тигенде, күйзеліске түскенде, бастың сақинасы ұстағанда, іш кепкенде және өткенде ем болады.
Ем үшін:
Даршынды ұсақтап аласыз. Оны таңқурай қосылған шайға немесе сүтке араластырып қабылдаңыз. Егер даршынды суға араластырып ауыз қуысын, тамағыңызды шайсаңыз, аурудан айығасыз.
4. АҚЖЕЛКЕК
фото: nastroy.net
Құрамы аскорбин қышқылына, каротинге, калий, кальций, фосфор элементтері мен В тобындағы дәрумендерге өте бай. Ал тамыры эфир майының қайнар көзі болып табылады. Сондықтан да ол ел арасында микробпен күресетін «дәрі» ретінде өте бағалы. Табиғи антибиотик болып табылатын ақжелкекті тыныс жолдарындағы инфекцияны жою үшін қолдансаңыз болады.
Қашан қолдану керек?
Жөтелді, тыныс жолдарының және кеңірдектің қабынуын, баспаны жедел түрде емдейді.
Ем үшін:
1 ас қасық үгілген ақжелкек пен 3 ас қасық балды араластырыңыз. Қоспаны 1 шай қасықтан күніне 3 рет ішке қабылдайсыз. Артынан 1 стақан жылы су ішуге болады.
Ал ЦИСТИТТІ емдеу үшін 1 ас қасық үгілген ақжелкекті 1 стақан қайнаған суға салып тұндырасыз. Шамамен 20-25 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, ішесіз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Дереккөз: kp.ru
Аударған: Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
ТҰМАУДЫ 7 түрлі ТӘТТІМЕН емдеуге болады