​1 стақан АНАНАС шырыны + 1 ас қасық БАЛ - ЖӨТЕЛДІ емдейді

0
5 362

Қарапайым емдеу әдісі тамаша нәтиже береді


​1 стақан АНАНАС шырыны + 1 ас қасық БАЛ - ЖӨТЕЛДІ емдейді

фото: english.newstracklive.com

Сіз ананас шырынының емдік қасиеті туралы естігенсіз бе? Құрамы С дәруменіне бай бұл жеміс бірнеше дертке дауа екен. Оның құрамындағы құнарлы заттар суыққа қарсы күш береді, бактериямен күреседі әрі ағзаны қуаттандырады. Сонымен қатар жөтелді емдейтін керемет сусын болып табылады.


ЕСКЕРІҢІЗ! Ем ретінде ананас шырынын өз қолыңызбен дайындаңыз.


ЖӨТЕЛДІ ЖОЯДЫ

Ем үшін керектілер:

  • 1 стақан ананас шырыны (үйде дайындалған)
  • 1/4 стақан лимон шырыны
  • 1 кесек зімбір
  • 1 ас қасық бал
  • 1/2 шай қасық кайен бұрышы қажет.

Дайындалуы:

Қажеттілердің бәрін кеңдеу ыдысқа салып, мұқият араластырыңыз. Дайын болған емдік сусын тамақ ауруын басады, қақырықты түсіреді, түшкіруді тоқтатып, жөтелді емдейді. Емді 2-3 рет қабылдаудан кейін-ақ оң нәтижесін байқайсыз.

фото: nutsexpert.ru


ӨКПЕНІ ТАЗАЛАЙДЫ

Күнделікті жұтқан ауамызбен бірге бірнеше лас ауаны, шаңды жұтып жатқанымызды байқай бермейміз. Темекі тартпайтындардың өзі өкпесі ластанады. Оны тазалау үшін ананас шырынының көмегіне жүгінсеңіз болады.

Әрине, ананас шырынын ішу қалтаңызды қағатыны рас. Алайда емдік қасиеті орасан әрі ағзаға өте пайдалы. Ананс шырынын ішу арқылы сіз өкпені тазалайсыз, шлактар мен улы заттардан арыласыз.


БҮЙРЕК ПЕН АНГИНАНЫ ЕМДЕЙДІ

Ананас шырынының құрамындағы бромелайн заты бүйрек пен ангинаны емдеуге қауқарлы. Сонымен қатар артық салмақтан арылуға көмектеседі. Ол үшін күніне 1 рет 1 стақан ананас шырынын ішуді әдетке айналдырыңыз. Емделу ұзақтығы – 7-10 күн.


СУЫҚ ТИЮДЕН САҚТАЙДЫ

Салқын ауа райында суықтап қалудан сақтанғыңыз келсе, күніне 3 рет 1 стақан ананас шырынын ішіңіз. Ол үшін 100 гр. ананасты блендермен езесіз. Езбеге сондай көлемде квас пен бірнеше тамшы лимон шырынын тамызасыз.

фото: thriftyfun.com


ЖАРАҚАТТЫ ЖАЗАДЫ

Егер сіз денеңізді қатты жарақаттап алсаңыз немесе созып алсаңыз ананас жемісінің көмегіне жүгіңіз. Ем үшін 1 стақан ананас шырынын ыдысқа құйып, отқа қойыңыз. Қайнауға жеткенде оттан аласыз. Оған құрғақ жалбыз жапырағын салып, 2 сағаттай бетін жауып қоясыз. Белгіленген уақыттан соң шырынға малынған жапырақты жарақаттанған жерге таңу керек.


ШАРШАУДАН ҚҰТҚАРАДЫ

Қанша демалсаңыз да шаршауды жеңе алмай жүрсеңіз, күнде ұйқыға жатар кезде 100 гр. ананас шырыны мен 100 гр. сәбіз шырынын араластырып ішіңіз. Бұл емдік шырын сізге тәтті ұйқы сыйлайды. Таңертең сергек оянасыз, көңіл-күйіңіз көтеріледі әрі шаршаудан біржолата құтыласыз.


АРТЫҚ САЛМАҚТАН АРЫЛТАДЫ

Диетолог мамандар артық салмақтан зардап шегушілерге мына қарапайым ғана әдісті қолдануды ұсынады. Аптасына 1 немесе 2 рет қолданғанның өзінде керемет нәтижеге қол жеткізеді екенсіз. Ол үшін 2 келі балғын ананас пен 1 литр жаңадан сығылған ананас шырыны мен 1 литр таза ауыз су керек. Енді бір күнді «Ананас күні» деп белгілеп алыңыз. Сонымен таңертең 1 стақан шырын, түсте ананас жемісі, кешке тағы да шырын ішесіз. Арасында сумен жүрек жалғап отыруға болады. Бір күндік ем сіздің ағзаңызды артық заттан тазалайды, майды ерітеді. Нәтижесінде артық салмақтан құтыласыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды.


Аударған: Л.АХМЕТОВА,

Тағы оқыңыз: