"40 жас": Әнші Нұрғали Нүсіпжанов 82 жасында отау құрды (видео)

0
5 468

Ерлі-зайыптылардың арасы 40 жас.


Әлеуметтік желіде танымал халық әртісінің үйлену тойынан суреттер мен бейнежазбалар тарап жатыр. Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай да өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.


"Қазақ өнерінің жарқын жұлдызы, сахнада жүрген 60 жыл бойы артынан бір сөз ермеген әнші Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз үйленді. Дүркіреген той Алматыда өтті. Шындығында, лимузиннан жарқырап түскен қалыңдық пен күйеу баланың фотосы мен видеосы ютуб желісіне тарап кетті. Ағамыз қолтықтаған жеңгеміз таныс бойжеткен. Кезінде жұмысты бір бастап, тв асханасында бір жүрген әріптесіміз #жүрекжарды бағдарламасын жүргізген Жадыра Сейдеш. Ерлі-зайыптылардың арасы 40 жас десек те, құтты болсын, бағың ашылсын Жадыраш, адам баласы қай жаста, қандай жағдайда да бақытқа лайық" - деп жазады Гүльмира Абыкай.


Нұрғали Нүсіпжановтың таңдауы "Жүрекжарды" бағдарламасын жүргізген журналист Жадыра Сейдешке түскен.

Айта кету керек, Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжанов Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.