​«83-тегі Аманның інісімін!»: Әбдіжаппар Әлқожа екі ағасына бірдей көлік тарту етті

0
6 694

«Осылай болу керек шығар деп шештім»


​«83-тегі Аманның інісімін!»: Әбдіжаппар Әлқожа екі ағасына бірдей көлік тарту етті

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа ағасының тойында тосынсый жасап, келген қонақтарды таң-тамаша етті. Ол екі бауырына бірдей, су жаңа автокөлік сыйлап, жүрекжарды лебізін білдірді.


«Мейірімсіз өскен баладан, маңырап жүрген мал артық. Тәртіпсіз өскен баладан, тәртіппен өскен тал артық» демеуші ме еді дана қазақ. Аллаға шүкір, менің екі ағам бар. Анам бізді мейіріммен өсірген, әкем бізді тәртіппен, тәрбиемен өсірген. Осылай болу керек шығар деп шештім.


«83-тегі Аманның інісімін» деп мақтанып өстім. Ал өнерде «Розаның інісімін» деп жүремін. Ағам мен ауырғанда арқалайтын. Үлкен тауым бар екенін біліп, марқайып жүрдім. Аллаға шүкір, екі ағам бар. Студент кезімде Бейбіт ағамның қолында жүрдім. Өзі 80 мың теңге айлық алады, сөйтіп жүре тұра мені көтермелеп, қолдау білдірді. Сол себепті мен екі ағама темір тұлпардың кілтін табыстаймын» деп қуанышты жаңалығымен әншінің өзі «Инстаграм» парақшасында бөлісті.


Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің мәрттігіне ризашылықтарын білдірді.


«Ата-аналарына рахмет, бір-біріне бауырмал балаларды тәрбиелепті», «Көзіме жасс келді, мәрттігіңізге ризамын», «Қандай әдемі көрініс болды! Жарайсың!», «Ағалы-інілі боп сыйласып жүргенге не жетсін. Нағыз азаматтық сауапты іс жасапсың», «Осылар сөз сөйлегенде еркек бастарымен неге жылап шығады екен», «Бар боп тұрса бергенге не жетсін! Әбдіжаппар, жарадың!» деп жазды көпшілік.