"Алла кетті, Жаратушы келді": Жанат Бақыттың жазбасы желіде шу тудырды

0
7 964

Жанат Бақыт: "Йасауи "Диуани хикметті" бұрмалап тастады оңбағандар! Қайтадан жазғызамын деді".


Белгілі тележүргізуші, кәсіпкер Жанат Бақыттың соңғы жазбалары ел арасында дау тудырып жатыр. Оған себеп бұрынғы тележүргізушінің біреулердің атынан сөйлейтіні, әсіресе қазақ халқының жазушы, қоғам қайраткері болған адамдар болып сөйлеп, түрлі ақпараттар таратып отыр.

Көпшілікке белгілі ол қазір "қазақша регрессологиямен" айналысып жүрген болатын. Ол дегеніміз - Батыстан келген ілім, мұнда адамдар транс арқылы өткеніне барады. Қазіргі регрессолог мамандар "Өлген адамның рухтары ғана емес "періштелеріңді сөйлетіп беремін" деп уәде береді екен.

Ал бүгін Жанат Бақыт өзінің парақшасында жаңа дәуірдің келетінін, "порталдардың ашылғанын" және енді Алла емес, Жаратушы болады дегенді жазып жатыр.


Тіпті ол енді бұрынғы замандарда өмір сүрген құламалардың да қайта өмірге келетініне сенімді.

Ал кеше болған жер сілкінісін, "Жаратушының ескертуі" деп айтыпты.


Жанат Бақыттың бұл жазбалары желі қолданушыларын топтарға бөліп тастаған, кейбірі оны "есінен адасқан" деп әзілдесе, кейбірі "емші көрсету керек" дегенді айтқан. Ал тағы бір топ оның айтқандарын қолдап, тыңдайтындарын жасырмаған. Оның желіде 2 миллионнан астам оқырманы бар.

Кейде ол өзінің ғана емес, біреудің де атынан пост жазады. Мысалы, төмендегі постты Әлихан Бөкейхановтың атынан жазған.