Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторынан шыққан кезде әншіні қара жол талғамайтын көлік күтіп тұрған.
Коллаж Ulysmedia
ERNUR.KZ. 15 тәулікке қамалған әнші Алмас Кішкенбаев бостандыққа шықты, деп жазады ulysmedia.kz.
Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторынан шыққан кезде әншіні қара жол талғамайтын көлік күтіп тұрған. Дәл 18:00-де Алмас Кішкенбаев изолятордан шығып көз ілеспес жылдамдықпен көлікке отырып кетіп қалған.
Сотта Алмас Кішкенбаевтың мас күйінде бола тұра, ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені анықталды. Сотта әнші оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін айтқан.
Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бап бойынша - “Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер” үшін жауапкершілік қарастырылған.
17 жастағы жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраға тапсырыс беріп, содан кейін бірге ішуді ұсынған. Кейін оның Кішкенбаев екені анықталды.