Әлия Бутеева есімді бойжеткен актер Шәріп Серіктің ұрғанын айтып берген еді.
Фото: Жеке парақшадан алынды
ERNUR.KZ. Танымал рэпер, әнші Say Mo экс күйеуі Шәріп Серіктен көрген қорлығын айтып берді, деп жазады stan.kz.
Айта кетейік, Әлия Бутеева есімді бойжеткен актер Шәріп Серіктің ұрғанын айтып берген еді.
Кино жұлдызының бұрынғы жұбайы Say Mo да актерден талай рет таяқ жегенін жарыса жазып жатыр.
“Қазір менде дәлел жоқ. Бұрын анама жіберген, денемнің көгерген суреттерін өшіріп тастағанмын. Әр жанжалдан кейін ол кешірім сұрайтын. Актер сияқты "тізерлеп" келетін. Күйеуінен абьюзивті қарым-қатынас көрмеген адам жәбірленушінің әрекетін ешқашан түсінбейді. "Неге шыдадың?" деп сұрайсыздар ма? Білмеймін. Мен әкесіз өстім. Ер адамның әйелге қалай қарауы керегін білмеймін. Өйткені бала күнімде ондай үлгіні көрмедім. Анам көп жұмыс істеді, мен еркекше өстім. Бір күні кең көлемде сұхбат беріп, бәрін айтып берем, – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін, актердің өзі бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутееваға қол көтергенін мойындап, кешірім сұрады.
“Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын. Мен оған лифтте дөрекі іс-әрекет жасадым. Өзімді ақтай алмаймын. Істеген әрекетім үшін заң алдында жауап беруге дайынмын. Әлияның өзінен және ата-анасынан кешірім сұраймын. Мен оның бетінен ұрып жібердім. Менің қатемді қайталамаңыздар! Әйелге қол көтермеңіздер!”, – деген еді актер.
Ал сот актерді кінәлі деп тауып, 5 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.