Меруерт Түсіпбаева журналист Анна Данченконы сотқа беретін жариялады.
Меруерт Түсіпбаева бағдарламадағы сөзін монтаждап, Баян Мақсатқызына қарсы қойғаны үшін журналист Анна Данченконы сотқа беретінін жариялады.
Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында төмендегідей жазба қалдырған.
Журналистен жауап болмағасын, әнші: "Анна,менімен ойнапсың, кешірім сұра,көпшілік алдында. Баян,Айсауле -деген есімді менің сұxбатымнан тауып көр. Мен дәлелдеймін, Анна сотканы көтер,адвокатым іздеп отыр сені"-, деп қайта жариялады.
Тек бірнеше сағаттан кейін ғана, Меруерт Түсіпбаева Аннаның байланысқа шыққанын және бағдарламаның мұрағатын ютуб желісінен алып тастауға уәде бергенін айтты.
Бірақ журналист Анна Данченко бұл жағдайға байланысты ешқандай пікір білдірмеді.