Әншінің үлкен ұлы Абдурахим 9 жасында өмірден озды.
Танымал әнші, "Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаевтың ұлы қайтыс болды. Бұл туралы Бағлан Әбдірайымов өзінің әлеуметтік парақшасында жариялап, көңіл айты.
"Ердосжан, қайғыңа ортақпын! Алла періштенің жанын жәнәтті етсін!
Бүгін, Ердос ұлы Абдурахим баламыз 9 жасында өмірден озды", - деп жазды ол.
Айта кетейік, Ердос Қанаев «Астана» арнасының «Той жыры» бағдарламасында ұлының ауыр диагнозбен туылып, екі ай вакуумде жатқанын айтқан еді.