"Атеист болып кете жаздадым": Айдана Меденова көпті мазалаған сұрақтарға жауап берді (Видео)

0
948

"Бірақ адамның ойы өзгереді екен" - дейді әнші.


Көркімен көптің көңілінен шыққан әнші Айдана Меденова соңғы кезде орамалға келіп, түрлі сын-пікірдің астында қалды.

Ал кеше әнші сондай сөздерден шаршаса керек, оқырмандарына видео арқылы жауап берді.

Ол видеода жұрт айтқандай бір күнде, не біреуге еліктегеннен хиджап тақпағанын, оған ұзақ уақыт кеткенін айтыпты. Әнші өзінің анасынан 15 жасында айырылғанын, сол кезде қандай қиындықтар көргенін бөліскен. Айтуынша, тіпті атеист болып кете жаздаған.


Бұл видеоны көрген оқырмандары оны қолдап, шынайы тілектестіктерін білдіріпті. Олар "Өздері америка шет елдің кимін киіп алып,именно орамал таққандарға арабтың кимін киме қазақша ки деп айтатындарға таңым бар!Қазақ болсаң кисей кимешек шапанды,бұтыңдағы бомыждың кимі сияқты жыртық шалбарды тастап!!Орамалға всегда сын айтылады! Айдана сізге сондай әдемі жарасады орамал ұзын көйлек Алланың разылығы маңызды,адамнан көрі!", "Еш өкінбеңіз. Әр зат өз уақытында. Аллаға шүкір деңіз. Даже лист падает дозволение Аллаха дейді ғой. Орамалыңыз өзіңізге әдемі жарасып тұр. Тек Алла тура жолдан тайдырмасын" деген тілектерін жарыса жазып жатыр.