Қазақтың үш жүзіне қатысты сурет желіде дау тудырды

0
3 351

Қазақтың үш жүзіне қатысты сурет желіде дау тудырды. Фейзбук әлеуметтік желісіне Burahan Daqanov (Burahan Daqanov) осы суретті жүктеп төмендегідей жазба қалдырды.


Қазақтың үш жүзіне қатысты сурет желіде дау тудырды

Қазақтың үш жүзіне қатысты сурет желіде дау тудырды. Фейзбук әлеуметтік желісіне Burahan Daqanov (Burahan Daqanov) жоғарыдағы суретті жүктеп, төмендегідей жазба қалдырды.

Burahan Daqanov: "Кешелері мына суретті көрген мен- шатырым ашылып, ашуланғаным сонша- өзімді қоярға жер таппай қалдым нақ. Бақандай жиырма шақты темекіні тартып тастаған шығармын осының кесірінен. Шыны керек ызаланғаннан қайта-қайта қарай бердім. Дегенмен.. Артынан суретті анықтап қарадымда, көңілім орнына түсіп - тіпті кеудемді мақтаныш сезімі кернеп кетті. Былай қарасам ана екі дəуің бір жарылып кетердей боп отырған бірдемелер екен. Сол екеуін бір біріне соғыстырмай, үлкенін алдай сап, кішісін мақтай сап тыныштандырып отырған ортасындағы өз батырым екен нақ))) Батыр дегенім қолында қылыш, ал кеудесінде сауыт жоқ. Демек, жалаңаш барып жауға ти. Тəңірім өзі біледі- ажалымыз қайдан дүр деп қасқайып отыр))) Шындығында отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын Орта жүз болмаса ана екі Жүзің "мен бірінші- сен екінші" жоқ керісінше деп бір бірімен қырылысар ма еді.. Расында да Ұлыны Ұлы, Кішіні Кіші етіп тұрған Орта жүз ғой.))) Жасасын Қазақия!!! пы-сы: Оу Орта жүз азаматтары, мына суретке арланбаңдар. Қайта мақтаныш етіп таратыңдар) Суреттегі жігітіміз ұсақ болса да жеріміз екеуінен де үлкен, санымызда көп)))"

Мұны көрген басқа да оқырмандар өз пікірлерін ортаға салып, ойларын жеткізуде.

Көпшілігі бұл суреттің арандатушылық екенін айтып, ол үшін қырқыспауға шақыруда.

Фото: Burahan Daqanov

ERNUR.KZ