«Келінім маған баламнан айнымайтын немере тауып берді»
«Кешью» тобында өнер көрсетіп, танымал болған әнші, актриса Ақбота Сейтмағамбет ұлы Ибрагимнің сүндет тойын және бұрынғы енесінің 70 жас мерейтойын жасап берді.
Еске сала кетейік, Ақбота осыдан бірнеше жыл бұрын актер, әзілкеш Дәурен Айдарқұловтың екінші әйелі боп тұрмысқа шыққан болатын. Өнерлі жұптың бір қыз, бір ұлы бар. Кейін дәм-тұздары жараспай, ажырасып кетті. Дәурен Айдарқұлов ажырасқан соң бірінші отбасымен қайта татуласып, қосылды.
Әншінің желіге жүктеген видеоларынан мейрамхана төріне ұлы мен қызын ұстағап шыққанын, ал соңынан гүл құшақтап кірген Дәурен Айдарқұловты көруге болады.
Әнші-актриса енесінің туған күніне тілек айтып, көзіне жас алды. «Мен бұл үйдің қызы болып кеттім негізі. Көбісі не болып жатыр деп түсінбей жатқан шығар. Ең бастысы, мен сізді жақсы көрем, құрметтеймін. Орныңыз бөлек, өзіңіз білесіз. Аман болыңыз. Тойда жыламаймын деп қанша дайындалып келсем де көзімнен жас шығып кете береді. Ата-аналарымыз аман болсын. Анам мен әкем тірі болғанда осы жерде тұрар еді деп армандаймын» деді Ақбота.
Өз кезегінде Дәурен Айдарқұловтың анасы да келініне алғысын білдірді. «Мен Ақботаны қалай жек көремін? Қалай жамандаймын? Дәуреннің алдында Жомарт деген ұлым болды. Алланың қалауымен шығар, 24 жасында алып кетті. Сол Жомарттың копиясын дасап, Ақбота арқылы Ибраһимді берді. Аллаға мың шүкір, немерелерім бар» деді Ақботаның бұрынғы енесі.
Әнші бұрынғы күйеуіне де рахметін айтты. «Дәурен, саған көп рахмет. Балаларымыз аман болсын! Бүгін бес баланы бір-біріне бауыр, дос болсын, бірге өссін деп қуанышты күнде басын қосып отырмыз. Өмір солай болды, бұл – тағдыр. Дәурен екеуміз екі бөлек кетсек те арамызда достық бар. Ортақ балаларымыз бар. Бұның үш баласы менің де балаларымдай» деді Ақбота Сейтмағамбет.