«Бала-шағасы үшін ойланар деп едім»: Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келінінің ажырасқанын растады

0
11 364

«Менің жанұяма тыныштық беріңдер!»


«Бала-шағасы үшін ойланар деп едім»: Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келінінің ажырасқанын растады

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың екіге кеткені расталды. Көпшіліктің көкейіндегі сауалға Гүлзира Айдарбекова жауап берді. Ол өзін "ұлы мен келінінің ортасына түсті" деп сынағандарға ұрысып тастады.

Қайрат Нұртастың Мальдив аралдарында өз отбасымен емес, өзге адамдармен туған күнін тойлауы елдің көкейіндегі күдікті растағандай болды. Бұған дейін Қайрат пен Жұлдыздың ажырасқанына көзі жетпеген жұрт бұл жолы оның анасын айыптауға асықты.

"Қайрат анасының айтқан сөзіне еремін деп жарынан айырылып қалды" деп сөкті жұрт. Елдің сөзі Айдарбекованың көңіліне тисе керек, продюсер өзін айыптағандардың біріне жауап берді.

"Менің жанұяма тыныштық беріңдер. Керексіз жерге тұмсық тығып, тіміскілеп, аңдығандарың отбасымның өмірі болды ғой. Қайрат не Жұлдыз менен не жамандық, не айуандық көріпті? Қашан мен араларына түсіппін? 18-дегі бала емес менің дегенімді жасап отырған, жастары 33-34-те. Мені тыңдайтын ұл-келін болса, немерелерімнен ажыратпай, қол ұстасып жүрер еді. Қай ана өз ұрпағын жылатып, сұрпайылық жасаушы еді? Екеуі бірге жүрсе, "жоқ жүрмейсің, мен жүремін" деп отыр ма екенмін көкбеттеніп?

Өз баламды өзімнен қызғанып, бірге көрсеңіздер, тоқалын көргендей зәре-құтыларыңыз қашып бітті ғой. Сонда сендер ауыздарыңа келгенін құсады екен, пал ашып сөйлейді екен деп өз балама жоламай, тығылып жүруім керек пе? Сендерге айтпасам, бала-шағалары бар, ойланар, естерін жияр деп үміт етіп жүрген шығармын", - деп ашуланды Қайрат Нұртастың анасы.

Продюсер Қайраттың жарын қатты жақсы көретінін жеткізді. Оған қоса, ол ұлы мен келінінің арасы бұзылуына не себеп болуы мүмкін екенін де айтып қалды.


"Мен Жұлдызды сізден де артық жақсы көремін, алғашқы қызығым, төрт немеремнің анасы, ұлымның титтейінен сүйіп алған жары. Кейде ойлаймын кейбіреулердің азғыруы әсер етті ма деп. Байқасаңыз, азғырушылар көп қой, адамды өзгертпеуіне қоймай жаза беретіндер, өзінің жағдайы мәз емес бола тұра, ақыл айтқыштар. Енесіне келінін, келініне енесін не күйеуін жамандап азғырып, от үрлеп. Естерін жияр, төрт бүлдіршіндерінің бағына. Алла сабыр берсін, кім ұрыспай жатыр?", - деп жазды ол.


Айта кету керек, Гүлзира ханым Маульдив аралдарына үш ұлын да ертіп барған. Сонымен бірге кенже ұлы Заңғардың қалыңдығы Жібек те сонда туған күн тойлап жүр.

Ал Жұлдыз Әбдікәрімова балаларымен бірге туған күнге күнге бара алмау себебін балаларының оқуымен байланыстырған болатын.