«Бәрі СКРИПТОНИТ, бәрі 91»: Бағлан Әбдірайымов қазіргі қоғамға көзқарасын айтты

0
1 449

«Әншің имам, алқашың ән айтып жүр»


«Бәрі СКРИПТОНИТ, бәрі 91»: Бағлан Әбдірайымов қазіргі қоғамға көзқарасын айтты

«Жігіттер» квартетінің мүшесі, белгілі әнші Бағлан Әбдірайымов қазіргі қоғамды сипаттап жазып, желідегілерге сауал тастады.



Өнер иесінің ойымен желідегілердің пікірі тоқайласатын сияқты.

«Өмір сүру үшін емес тамақ жеу үшін өмір сүріп жатқандай», “Соны кейде мен де ойлап қоямын. Әншінің өнерін көргіміз келіп парақшасына жазылсаң, ораза ұстап, намаз оқып жатқанын салады. Актердің өнеріне бола жазылсаң, ол қайырымдылық жасап жүргенін салып отырады. Бәрі де жақсы. Жасасын. Бірақ жасырын. Өзі үшін ғана. Публикаға мұның бірі де қажеті жоқ қой. Өз бейнесінде қалғаны әркімге де абзал болар ма еді?!», «Әр мамандық иесі өз жұмысын атқаруы керек. Әнші әнін айтып, құрылысшы құрылысын салып, мұғалім сабақ беріп...», «Ия,көптің көкейіндегі...сыртқа шығарып жазуға жүрексінетін.....жазыпсыз. Расымен,өз-өзімізді танымай бара жатқандаймыз...» деп жазуда желідегілер.