«Бір беташардан 821 мың теңге алдым»: Танымал әнші Қабдол Тілеков

0
2 608

«Бұл менің алатын гонорарымнан екі есе көп»


«Бір беташардан 821 мың теңге алдым»: Танымал әнші Қабдол Тілеков

Беташар рәсімін әртүрлі хит әндердің мақамымен орындап, көптің назарына іліккен Қабдол Тілеков тойдағы қызықтар мен ең қомақты қаламақасын алғаш рет ашып айтты.


Қабдол Тілеков Меховая 8/1тoбының белді мүшесі. Ол қалың көпшілікке «Ақ көйлек киген, көк көйлек киген...» әнімен жақсы таныс. Алғашқыда Жайдармен ойнаған ол, кейін келіннің бетін ашуды бастаған. Тек бай-бағландардың тойында қызмет ететін Қабдол түрлі тосын-сыйларға тап болады екен. Өнерпаз жігіт кезекті беташардың бірінде миллионға жуық ақша алғанын айтады, - деп жазады exk. kz сайты.

"Негізі беташарға түскен ақшаны бермейді. Жағдайы жақсы, беташардың ақшасына мұқтаж емес той иелері екі жылда бір рет болып қалады. Бірақ ол кісілер риза болып берді де. Сол орамалдың ішінен 821 мың теңге шықты. Өзім шок болып қалдым. Бұл менің алатын гонорарымнан екі есе көп", - дейді Қабдол Тілеков.

Беташарды заманауи әндердің мақамымен орындайтын Қабдол Тілеков жұрттың сынына жиі ұшырайды екен.

"Алғашқыда бұрынғы мақаммен бет ашып жүрдім. Біз КВН ойнағаннан кейін халықтың эмоциясына үйреніп қалғанбыз, бірақ тойда ондай жоқ. Халыққа қарасам эмоция жоқ, көбі мән бермейді, беташарды тез аяқташы деп той иелері де асығып тұрады. Содан кейін неге беташарға мән бермейді деген ой келді. Интернеттен айтыскер ағаларымыздың бет ашқан видеоларын көрдім. Ол кісілер сол мақаммен, бір шертіп қойып айтады екен. Ал мен кішкене көңілді қылып, ырғаққа салып айттым. Содан кейін әлеуметтік желіге сала бердім. Сөйтіп өтіп кетті. Мен бет ашқан кезде бір келіннің бетін ашу рәсімі бір сағатқа дейін созылады", - дейді танымал әнші 1001 түн бағдарламасында.