Айтыскерге досы Балғынбек Имашов жауап қайтарған.
Айтыскер, мотиватор Айнұр Түрсынбаеваның әзілді де әдемі айтатынын жанкүйерлері жақсы білсе керек-ті. Әлеуметтік желіде белсенді ханым бұл жолы медициналық маска таққан суретін жариялап, төмендегідей жазба қалдырған.
"Карантин басталғанда масканы сағат сайын ауыстырып, қолымызға минут сайын антисептик сеуіп жүретін едік иә... Жазға қарай бір масканы 1 апта киетін болдық..Қазір "маскаңды бере тұршы" деп біреудікін шешіп алып тағып кете беретін болдық" дейді, айтыскер күліп.
Оның бұл жазбасын оқыған оқырмандары күлкіге қарық болып, әзілдің шындыққа жанасатынын да айтыпты. Ал өнердегі досы, танымал айтыскер Балғынбек Имашов "Қойшы, менен шешіп алған масканы әлі тағып жүрсің бе?" деп әзілдеген.
Басқа оқырмандар да бір аптаң жай ма, жоғалып қалмаса айлап кететін айтқан. Ал, сіз бір масканы неше уақыт тағып жүрсіз?