"Бұл сұраққа нүкте қойдым": Сабина Алтынбекова жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады

0
195

Спортшы 2020 жылы тұрмысқа шыққан еді.


Фото: ашық дереккөз

ERNUR.KZ. Танымал спортшы, волейболшы Сабина Алтынбекова жеке өміріне қатысты құпияны ашты, деп жазады stan.kz.

Айта кетейік, спортшы 2020 жылы тұрмысқа шыққан еді. Жолдасы Саят Тостықбаев1988 жылы 30 шілдеде дүниеге келген. "Круиз" қазақстандық комедияның продюсерлерінің қатарында болғаны белгілі болды.

Спортшы Instagram Stories-те кәсіпкер Саят Салманұлымен ажырасып кеткенін мәлімдеді. “Ажырасып кеттіңіздер ме?” деп сұрады желі қолданушысы.
“Иә, мен ресми түрде тұрмыста болғанмын, енді ресми ажырастық. Бұл сұрақ бұған дейін өте көп қойылды, енді нүктесін қойдым, – деді Алтынбекова.

Еске салайық, 2021 жылдың қазан айында спортшы ана атанған еді.

“Дәл сен секілді ешбір азаматты күткен емеспін. Махаббат пен қамқорлыққа толы отбасына қош келдің”, – деп жазған еді спортшы.

“Ұлым өмірге келді, рахмет, жаным”, – деп жазды спорт жұлдызының жолдасы.