"Қайда?" деген сұраққа Ерке жауап тапқан сияқты.
Танымал әнші Ерке Есмаханды "NINETY ONE" тобының экс-әншісімен кездесіп жүр деген ақпараттың тарағанына біршама уақыт болды. Бірақ олар қарым-қатынастарын ресми түрде жариялауға асықпай отыр.
Десе де Ерке өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бір "құлағын" шығарып қоятыны бар. Сол ауанмен ол өз парақшасына төмендегідей жазба жариялады.
Еркенің бұл жазбасына танымал айтыскер, құрбысы Айнұр Тұрсынбаева "Чаттагы фотоларды шығара берейік пе?" деп пікір білдірген.
Оған желі қолданушыларының қызығушылығы тіпті артып, Айнұр Тұрсынбаевадан фотоларды жекесіне жіберуді де өтінгендер бар.