"Дұрыс білім алып жатыр деп айта алмаймын" - Айнұр Тұрсынбаева

0
3 087

Айнұр Тұрсынбаева балаларға планшет әперу үшін қорға ақша жинауда.


Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева, көпбалалы, материалдық жағдайы қиын отбасы балаларына қашықтықтан білім алуға қажетті техниканы тарту етпек. Осыған байланысты Тұрсынбаева мүмкіндігі бар оқырмандарын да көмек қолын созуға шақырған. Бұл туралы ақын өзінің instagram парақшасында жария етті.

"Осыдан 2 жыл бұрын Түркістанға айтысқа бардым.. Сахнаның сыртында суретке түсетін болып бір кішкентай баланы шақырып "суретке түсіріп жіберші" десем, "апай, мені қолым кір еді, соткаңызды былғап қоямын ғой,жуып келсем бола ма ?!" дейді.. Сөйтсем өмірінде телефон ұстап көрмеген екен.. Әттең тонның келтесі-ай... Әрине баланы телефонға үйрету дұрыс емес, дегенмен қазіргі кезде телефонның қатты қажет екенін білесіздер ғой..Айтайын дегенім көктемнен бері коронавирус деген пәле шығып балалар үйде отырып оқуға мәжбүр болды ғой.. Шет елдегілер "онлайн оқимыз, рахат болды" деп қуанып жатса біздің ауылдағы балалар жылап жатыр.. Не телефон жоқ, не білім жоқ, не жағдай жоқ.. Биыл бірінші сыныпқа барған балалар қалай оқымақ?! Олардың болашағы не болмақ???
Планшеттің ең арзаны 60-70 мың теңге! Бір отбасында бірнеше оқушы балалары бар отбасылардың балалары дұрыс білім алып жатыр деп айта алмаймын.. Жалпы теңге тиыннан құралады.! Сіз боп, біз боп осындай көп балалы отбасыларға көмектессек қарсы емессіздер ме??? Егер сіздер 500-1000 теңгеден көмектессеңіздер
@aidyn_nury_qory -ның атынан 200 отбасыға планшет әперсек деп жоспарлап отырмыз.. Мен өз атымнан 10 планшет алып бермекшімін, тағы кім қандай үлес қосады
?" - деп жазады Айнұр Тұрсынбаева.

Ақынның игі ісін оқырмандары құп көрген секілді.

"Әрине саламыз! Сіздің қайырымдылық қорыңызға ақша салып тұрам. Садақа ретінде мұқтаж жандарға береді деп", "Балапандарымыз аман болсын! Аз да болса салдым, рахмет сізге Айнур ханым!", "Қолдаймыз балапандарымыз жыламасын. Қазақстанымыздың болашағы осы жастар!" - деп алғысын жаудырып, қолдау пікірлерін қалдырған көпшілік.

Айта кетейік, біраз бұрын елдегі індет өршіп көпшілік тыныс алу аппаратына зәру болған кезде, Айнұр Тұрсынбаева осындай бастамасымен мыңға тарта апаратты сыйға тартқан болатын.

ERNUR.KZ.