Дзюдошы Әбиба Әбужақынова өзінен бес жас кіші спортшыға тұрмысқа шықты

0
58

Оның сүйіктісі де спорт әлемінің адамы.


Дзюдошы Әбиба Әбужақынова өзінен бес жас кіші спортшыға тұрмысқа шықты

Фото: instagram

ERNUR.KZ. Дзюдошы Әбиба Әбужақынова ресми түрде сырға салу рәсімінен өтті. Екі күн бұрын сүйіктісінің ұсынысын қабылдаған балуан бүгін сырғалым атанды, деп жазады ulysmedia.kz.

Спортшы бұл қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, жеке өміріндегі өзгерістерге қарамастан спорттағы жолын жалғастыратынын айтты.

- Тұрмысқа шықсам да, 2028 жылғы Жазғы Олимпиадаға қатысамын. Мен әлі де күресемін, – деп жазды ол.

Оның сүйіктісі де спорт әлемінің адамы. Әбиба зюдошы Ермахан Ануарбековке тұрмысқа шығады. Qsport.kz мәліметінше, ол Әбибадан бес жас кіші: спортшы 1997 жылы туған, ал жігіті – 2002 жылғы. Ермахан Абай облысының намысын қорғайды. Ол – Almaty Junior Asian Cup турнирінің жеңімпазы, Қазақстан чемпионы, дзюдодан спорт шебері және Grand Slam, Grand Prix секілді халықаралық жарыстарға қатысқан.