«Қайрат өле-өлгенше солардың жағдайын жасайды»: Гүлзира Айдарбекова келіні туралы пікір білдірді

0
6 028

«Мен дүниені көріме алып кетпеймін»


«Қайрат өле-өлгенше солардың жағдайын жасайды»: Гүлзира Айдарбекова келіні туралы пікір білдірді

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімова туралы бар шындықты айтты.

Айдарбекова халық арасында қызу талқыланып жатқан мәселе жайында тағы да пікір білдірді. Бұл жолы продюсер өзін сынға алған оқырманға Instagram парақшасында жауап беріп, көпшіліктің болжамын жоққа шығарды. Ол келінімен ешқашан ұрысып көрмегенін айтты.


Қайрат Нұртастың анасы Әбдікәрімова үшін есігі әрқашан ашық екенін жеткізді.


"Мен Жұлдызбен ұрысып көргенім жоқ. Келсе, есігім ашық, келмесе жас емес, өз шешімдері. Балаларды көрсеткісі келмесе, олар менің қаным. Есі кірген кезінде өз қанын таппай қоймайды. Бәрі де уақытша, тіптен өмір де уақытша", - деп жазды ол.


Сонымен қатар, Айдарбекова Қайрат Нұртас танымал болмай тұрғанда да жағдайлары жақсы болғанын алға тартты.

"Мен дүниені көріме алып кетпеймін. Қайрат нені қалайды, бәрі сонікі, қалғаны екі бауырынікі. Еңбек - Қайраттікі. Қайратқа дейін де квартирада отырған кезіміз болған емес. Студент кезден ақ үйлі болып, қос-қос көлігіміз болған, бізге сол да жетеді. Нұрекең екеуміз аз табыс тапқан жоқпыз, не ішемін, не киемін дегізген де жоқпыз. Дүниеге құнығатын біз емеспіз. Бүкіл ата-ана балалары үшін еңбек етеді, қара басы үшін емес", - деді продюсер.


Сондай-ақ ол келіні Жұлдыздың коттедж алуына қатысты өз ойын айтып, Қайраттың балаларына деген қамқорлығын атап өтті.
"Жұлдыз коттедж алса, пәтерлеріне ауыстырды. Мейлі көлігі болсын, үйі болсын, бәрі де сол балаларының әкесі Қайраттың еңбегімен келген дүние. Балалары үшін алды үй-жайын, берді. Балалары үшін өмір бақи бергені берген. Себебі олар Қайраттың өз балалары", - деп жауап берді ол.


Продюсердің сөзінше, жұлдызды ұлы өмірінің соңына дейін балаларының жағдайын жасайтын болады.


"Артынан еріп келген бала да, біреу алып берген дүние де көргенім жоқ. Қайрат өле-өлгенше солардың жағдайын жасап кетеді. Ал немерелерімді менен артық ешкім жақсы көре алмайды, олар біздің ұрпағымыз», - деді Гүлзира Айдарбекова.

Жұлдызды жұптың ажырасуы туралы желідегілер түрлі пікірлерін білдіруде.

«Дұрыс айтасыз, балаға өз әкесіндей әке табылмайды», «Жұлдыз жұлдыз ауруына ұшыраған», «Біз білмейтін сыр бар бұл жерде, кешірілмейтін. Сырттағы адамға бәрі жақсы», «Ананікі дұрыс, мынанікі бұрыс дей алмаймыз. Өздері білер. Жас емес. Демек, кешірмейтіндей кінәсі бар шығар. Алла жақсы жаналықпен куантсын», «Жұлдыздың шыдамының соңғы тамшысы Қайраттың көшеде ана қызды көлікке жұлқып салып жатқан видеосынан кейін бітті-ау деймін», «Келсе есігім ашық деп айту оңай, келінінің жүрегін жаралап, көңілін қалдырған соң, ол қалай қайтады, қазақта мақтамен бауыздау деген бар, Жұлдызға не істегенін біз білмейміз, Жұлдыз айтпайды. Кінә екі жақтан да бар шығар, бірақ келін келген жеріне келін, әйтпесе келсап деген бар. Қадірлеп ұстамаған соң, солай болады» деп жазуда.