«Тым құрығанда атасынан ұялмай ма?!»
Қайрат Нұртастың әйелі, танымал актриса Жұлдыз Абдукаримова желіні шулатты. Өнер иесі Оңтүстік Корея еліне саяхаттап барған кездегі видеосын «Инстаграмына» жүктеп, көпшіліктің сынына ұшырады.
«Асығамыз...
Асықпайтын уақытта асығамыз,
Ақиқатты несіне жасырамыз.
Жолға шықсақ – жетуге асығамыз,
Жете салып, кетуге асығамыз.
...Таныса сап, дайынбыз достасуға,
Амандассақ, қаяумыз қоштасуға.
Үйлене сап, жатамыз ажырасып,
Асығамыз болуға тағы ғашық.
Төзім құрып қалған ба, тағат тозып,
Әлде жүрегіміз кеткен бе сағатша озып.
Уақыт жоқ, уақыт жоқ деп, уақытқа бас ұрамыз,
Осы біздер қай жаққа асығамыз? Маған белгісіз автордың мына жазбасы көңілге дөп түсіп тұр» деп пост жариялады Жұлдыз Абдукаримова.
Жұлдыздың образына қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. «Мынауы не енді, өте ұят, ең болмағанда атаңды сыйла! Енеңді сыйламайтыныңды түсіндік», «Әке-шешесі, ата-енесі бар, төрт баланың анасы, жарты әлемге танымал болған Қайраттың жары, одан қалса қазақтың келіні деген атыңа мына жүрісің тым ұят!», «Қайратқа ерегісіп істеп жүрген сияқты», «Несі бар, өзіне жарасып тұр, кисін, көре алмай жатсыңдар ма?», «Жас кезінде үйінен шыға алмай, түк көрмей, енді босап, қызықтың бәрі енді басталғандай», «Құтырған қатын», «Көреалмайтын әйелдердің өсектейтін жеріне айналыпты, іштерің күйсін, жарқыра, Жұлдыз!» деп жазды көпшілік.